В. Путин Единая Россия партиясының жиынында сөйлейді

Бүгін Ресей премьер министрі Владимир Путин өзінің Единая Россия партиясының құрылтайында сөз сөйлейді. Бұл жиын парламенттің төменгі палатасы президенттік мерзімді 4 жылдан 6 жылға ұзарту жөніндегі заң жобасын екінші оқылымында мақұлдаған соң болып отыр. Ресмилер президенттік мерзімді созу әрекеттері - Путиннің президенттікке қайта оралуы үшін жасалған жоспар дегенді жоққа шығарды. Қатарынан екі мерзім Ресей президенті болған Путин мамыр айында президенттікті босатып, мұрагері болған қазіргі президент Дмитрий Медведевке орнын берген болатын. Ал Единая Россия партиясы 450 орындық Думаның 300-ден аса орнын басымдықта алып отыр.