Австралия Гуантанамоның экс-тұтқынына бақылауды тоқтатпақшы

Австралия полициясы өздерінің Гуантанамо түрмесінде отырып келген Дэвид Хикске қойылған қауіпсіздік шектеулерін алуға дайын екендіктерін айтты. АҚШ-тың Кубадағы терроризм күдіктілерін қамауда ұстайтын абақтысында 5 жылдан аса отырып қайтқан Хикс терроризм айыптары бойынша АҚШ әскери комиссиясының үкімімен сотталған. Австралия мен АҚШ арасындағы келісімге сәйкес, Хикс 9 ай Австралия түрмесінде отырып, қамаудан 11 ай бұрын босатылған. Австралия полициясының бұл хабарламасы Дэвид Хикстің бірінші рет өзіне бақылаусыз еркін өмір сүруге мұрсат беруін сұраған соң айтылып отыр.