Мұқтада әл-Садр жақтастары Бағдатта шерулетуде

Шииттердің бұл рухани көсемін жақтаушылар АҚШ-Ирақ қауіпсіздік келісіміне осылайша қарсы шығуда. Сондай-ақ депутаттардың ол жобаны қабылдамауына шақырып отыр. Жаңа келісім бойынша АҚШ күштері Ирақта тағы 3 жылға қалуы тиіс. Ирақ әскері бүгін астанадағы қауіпсіздік шараларын күшейте түсті.