Пәкістанда жұмадағы жарылыстан 6 адам қаза болды

Елдің солтүстік-батыс шекарасы аймағындағы Дера Исмаил Хан ауданындағы жерлеу рәсімі кезінде осы жарылыс орын алған екен. Оның кесірінен сондай-ақ, оннан аса адам жараланған. Рәсімге қатысушылардың көпшілігі шиит мұсылмандар екен.