Қарағандыда да жол апаты болды

Қарағанды облысында жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарағанды облысының Шет ауданында Алматы - Екатеринбург тас жолының 810- шақырымында «Фольксваген» және «Рено» жүк көлігі соқтығысып, орын алған апаттың кесірінен «Фольксвагеннің» 73 жастағы әйел жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, тағы төрт жолаушы ауруханаға жатқызылды.