ЕуроОдақ та дағдарыс бағдарламасын қабылдайды

Еуропа Комиссиясы ЕуроОдақ экономикасының дағдарыстан шығуына көмектесетін ұсыныстар әзірлеу үстінде.
Осы ұсыныстарға сәйкес, ЕуроОдақ елдеріне қосымша құн салығын төмендету, несиелерді арзандату ұсынылмақшы. Бұл шаралардың мақсаты – тұтынушылар мен инвесторлардың белсенділігін арттыру.
Ынталандыру шараларының көлемі – ЕуроКомиссияның төрағасы Жозе Мануэль Баррозу ЕуроОдаққа мүше елдердің үкіметтерімен кеңес өткізуінің ізінше анықталады. Осыған дейін хабарланғандай, ынталандыру бағдарламасына 130 млрд. еуро қаржы бөлінуге тиіс.
Экономикалық дағдарыс – Еуропа Одағының 11-12 желтоқсанда өтетін саммитінің басты тақырыбы болады.