Мәжіліс бала асырап алу мәселесін талқылайды

Ертең ҚР Парламент мәжілісінде «Қазақстан Республикасының Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияға қосылуы және ратификациялануы туралы» заң жобасы бойынша дөңгелек үстел өткізеді. Аталған шараның ұйымдастырушысы — Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті.