Тайланд астанасында оппозиция ереуіл өткізуде

Сәрсенбі күні таңертең Тайландтың астанасы – Бангкокта 4 жарылыс болып, кем дегенде 4 кісі жараланды. 12 адамның жараланғаны туралы хабар бар. Премьер-министр Сомчай Вонгсаватаның уақытша кеңсесінің маңайында полициямен қақтығысып қалған тағы 10 шақты адам түрлі жарақат алды. Оппозициядағы Демократия үшін халық альянсы партиясы одан үкімет басынан кетуін талап ету үстінде.