Жол-көлік оқиғасынан төрт адам зардап шекті

Алматының Алмалы ауданындағы Қарасай батыр мен Гайдар көшелерінің қиылысында «Тойота» және «ВАЗ» көліктері соқтығысып, соның кесірінен ВАЗ көлігінің төрт жолаушы: екі кішкене бала және 22 жастағы әйел мен 25 жастағы ер азамат ауруханаға жатқызылды, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.