Қазақстанның сыртқы саясат мекемесі ескертеді

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі республика азаматтарын Тайландқа сапарға барудан бас тарта тұруға шақырады. Бүгін министрліктің ресми өкілі Ержан Ашықбаев осылай деп мәлімдеді.
Ресми өкіл: “Тайландта күрделі ахуалдың жалғасуына байланысты Қазақстан Сыртқы істер минисрлігі республика азаматтарына Тайландқа барудан бас тарта тұруға кеңес береді”, -деп мәлімдеді.
Е.Ашықбаевтың айтуынша, жалпы тайландтағы ахуал бірқалыпты, бар проблема Бангкоктағы халықаралық әуежайдың қызметіне бөгет қойылуында. Бұл – “Эйр Қазақстан” әуе компаниясы қатынайтын негізгі әуежай.
Министрліктің мәліметі бойынша, қазір Бангкокта жүрген Қазақстан азаматтарының саны 500-ден асады.