Әскерге жаңадан шақырылғандар ант береді

Ағымдағы жылы ҚР қарулы күштеріне 14 мың адам шақырылды, — деп хабарлады ҚР қорғаныс министрі Даниял Ахметов.
Биыл әскер қатарына көктемде шақырылғандардың жоғарғы білімділері 10 %, күзгі шақырылымда 24 % болды, ал арнаулы-орта білімділері 60 %-дан астам. Контракт бойынша әскери қызметке 6 мыңнан аса, тұрақты әскери дайындықтағы және әскери кезекшілік атқаратын бөлімшелерге 2 мыңдай адам алынған.

Қорғаныс мекемесі басшысының айтуынша, күзгі әскерге шақыру мен жергілікті әскери басқарма органдары жұмысының нәтижесін шығара отырып, қарулы күштер құрамын толықтыру сапасының жақсарғаны туралы қортынды жасауға болады. Әскерге жаңадан шақырылғандар 30-қараша күні әскери ант береді.