Грузия Никарагуамен дипломатиялық байланысын үзуде

Бұл шешім Никарагуа елі Оңтүстік Осетия мен Абхазия тәуелсіздіктерін мойындағаннан кейін қабылданған болатын. Бұған орай Грузия сыртқы істер министрлігі жұма күні мәлімдеме таратты. Никарагуа Ресейден кейінгі аталған аймақтар тәуелсіздігін мойындаған жалғыз ел болып отыр.