Эквадор президенті Иранға барады

Бұл хабарды президент Рафаэль Корреаның өзі растады. Алдағы аптада болатын бұл ресми сапар мақсаты-мұнай өндіруші қос ел арасындағы байланыстарды одан әрі жақсарту. Сондай-ақ сауда байланыстары мен әріптестікті нығайту да көзделуде. Корреа өзі билікке келген 2007 жылдың қаңтар айынан бастап Иранмен Эквадор қарым-қатынасын нығайтуға кіріскен болатын.