ЕҚЫҰ-ға мүше елдер сыртқы істер министрлерінің мәжілісі өтеді

ҚР СІМ халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Ержан Ашықбаевтың мәліметінше, 4 және 5-желтоқсан аралығында Финляндияның астанасы Хельсинки қаласында ЕҚЫҰ-ға мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің 16-мәжілісі өтеді.

«Аталған шараға Қазақстан делегациясын ҚР сыртқы істер министрі Марат Тәжин бастап барады. Мәжіліс аясында ҚР сыртқы істер министрі әріптестерімен бірқатар кездесулер өткізіп, арнайы баяндама жасамақ», —деді Е. Ашықбаев.