Ауғанстанда 13 бүлікші өлтірілді

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Хелманд өлкесінде Ауған армиясы мен коалиция күштерінің бірлескен күзет бекетіне шабуыл жасалды. АҚШ әскерилерінің айтуынша, Над Али ауданында болған бұл шабуылға қатысы бар 7 бүлікші кейін өлтірілген. Сонымен қатар, Газни өлкесінің Андар ауданында 3 бүлікшінің көзі жойылды, ал Пактия өлкесінің Жани Хаил ауданында тағы 3 бүлікші өлтірілді деп хабарланып отыр.