НАТО АҚШ-тың жоспарын қолдап отыр

НАТО-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жөніндегі АҚШ-тың жоспарына қолдау танытты. Бүгін Брюсселдегі жиында олар АҚШ-тың Польша мен Чехияда радар орналастыру жоспарын қолдайтын мәлімдемеге қол қойды. Ресей АҚШ-тың бұл жоспарына наразылық білдіріп келеді. Осыған байланысты ресми Мәскеу Калининградта зымырандарды орналастырамыз деп ескертті.