Өзбек парламенті кеңейе түспекші

Парламенттің жоғарғы шатыры-Сенат арнайы қарар қабылдады. Ол бойынша төменгі шатырдағы 120 орын алдағы уақытта 150-ге жеткізілмекші. Парламенттің бүгін таратқан баспасөз мәлімдемесінде ол орындардың 135-і сайлау арқылы белгіленіп, ал 15-і Өзбекстан экологиялық қозғалысына берілетіні айтылған.