Қарулы топ Иранның 16 полиция офицерін өлтірді

Полиция басшысының айтуынша, Жундалла атты сүннит мұсылмандар тобы өздері маусым айында тұтқындаған полиция офицерлерінің бәрін де екі апта ішінде өлтірген екен. Жундалла тобы полиция офицерлерін босату үшін түрмедегі өз тобы өкілдерінің босатылуын талап еткен екен. Өлтіру түрлі уақытта жүзеге асқан дейді хабарлар.