Ауғанстандағы АҚШ армиясы 20 мың жауынгерге өседі

Алдағы жылы АҚШ Ауғанстанға 20 мыңға жуық жауынгерден тұратын қосымша әскерін жібермекші.
АҚШ армиясы басшылығының өкілі, генерал Майкл Такер мәлімдегендей, Ауғанстанда қосымша әскерді қабылдауға әзірлік басталды - алғашқы әскери бөлімдер Ауғанстанға қаңтар айында келіп жетеді.
АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Барак Обама Ирақтағы АҚШ әскерін қысқартып, тәліптерге және Әл-Қаидаға соққы беру үшін Ауғанстандағы әскерін ұлғайту ниеті барлығын мәлімдеді.