Ресми Вашингтон Кабулдың қауіпсіздігіне алаңдап отыр

Алдағы жылдың басында Ауғанстанға жіберілетін қосымша АҚШ әскерінің басым бөлігі Кабул қаласының төңірегіне шоғырланады. Бұл – тәліптердің шабуылдары үдей түскен кезде АҚШ-тың ауған астанасының қауіпсіздігіне алаңдап отырғанын аңғартады. Ол туралы “Нью-Йорк таймс” газета хабарлады. Газеттің мәліметі бойынша, АҚШ армиясының 3.5-4 мың жауынгерлік бригадасы Ауғанстанға қаңтар айында жетуге тиіс.
Ауғанстандағы АҚШ армиясының өкілі Руми Нильсен-Грин (әйел) хабарлағандай, Ауғанстанға жіберілетін 20 мыңдық қосымша күштің басым бөлігі Кабулға көрші Логар және Вардак облыстарына, кем дегенде бірнеше жүз жауынгерден тұратын әскери бөлім Пәкістан шекарасына жақын ауданға орналасады.