Дж.Маккэйн Пәкістан үкіметімен келіссөз өткізді

АҚШ президентіне үміткер болған Джон Маккэйн Пәкістанды Мумбайдағы террорлық қастандықтан кейін Үндістанмен арадағы қарым-қатынасын нашарлатып алмауға шақырады.
Сенбі күні Республикалық партияның сенаторы Маккэйн Исламабадта Пәкістан премьер-министрі Юсуф Раза Гиланимен және армия басшыларымен кездесті. Мумбай қаласындағы террорлық қастандықтан 170-тен астам адам, оның ішінде 6 АҚШ азамат көз жұмды.
Ол қастандық үшін ресми Дели Пәкістанды паналаған ислам экстремистерін айыптады. Өз кезегінде ресми Исламабад қастандыққа наразылығын білдіріп, ресми биліктің ол шабуылға еш қатысы жоқтығын мәлімдеді.