UNICEF: Балалар өлімін азайтуға болады

БҰҰ-ның Балалар ісі агенттігінің айтуынша, әлем бойынша, күн сайын 2 мыңнан аса сәби түрлі апаттардан қаза болып жатады. UNICEF-тің арнайы баяндамасында жыл сайын әртүрлі апаттардан қаза болатын балалар саны 830 мың деп көрсетілген. Оның ішінде 260 мыңы көлік апатынан болады екен. Баяндаманың айтуынша, мұндай оқиғалардың алдын-алуға жұмсалған қаржы өлім санын азайтар еді.