Ақтөбеде автопарк аумағында жарылыс болды

Ақтөбе қаласындағы «Аманат» автопаркінің аумағындағы бір көлік тұрағында жарылыс болып, 27, 47, 48 жастағы үш күзет қызметкері ауруханаға түсті.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жарылысқа газдың ақауы себеп болған.