Сенат комитеттерінің төрағалары сайланды

Бүгін ҚР Парламент Сенатының жалпы отырысында депутаттар палатаның салалық комитеттерінің төрағаларын сайлады.

Сонымен Сенаттың заңнама және құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің төрағасы Берік Имашев , қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрағасы Қайрат Есжанов, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов, экономикалық және аймақтық саясат жөніндегі комитетінің төрайымы Нұрлығайым Жолдасбаева, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің төрағасы Ахан Бижанов, ауылшаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы болып Евгений Аман сайланды.