Газада Хамас ұйымының 21 жылдығы атап өтілді

Бүгін Газа қаласында Хамас ұйымын қолдаушы онмыңдаған адам исламшыл қозғалыстың құрылғанына 21 жыл толғанын атап өтті. Адам толы автобустар Хамастың жасыл жалауымен әр аймақтардан келген. Хамас өткен жылы Газа қаласына бақылауды алған, бірақ бұл ұйым Израиль, Құрама Штаттар мен Еуропа Одағында террористік ұйымдар тізіміне кірген.