Буш өзіне лақтырылған аяқкиімнен аман қалғанын айтты

АҚШ президенті Джордж Буш жексенбіде Бағдатта үкімет басшысы Нури әл-Маликимен баспасөз мәслихатын өткізіп тұрған сәтте Бушты ирақтық телебекет репортері “ит” деп балағаттап, қос аяқкиім лақтырған болатын. Дер кезінде бұғып қалған Буш әяқкиімнің өзіне зақым келтірмегенін айтты. Ирақ дәстүрі бойынша аяқкиім лақтыру жеккөрудің белгісі.