Түркменстан әнұраны мәтінін өзгертуде

Хабарларға қарағанда, парламент депутаттары әнұранның өзгертілген мәтінін мақұлдады. Мәтіннің өзгертілген нұсқасы қазіргі президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың жазбалары арасында демалыс күндері жарияланған екен. Осылайша кезінде Түркменбашы атанған Сапармұрат Ниязовтан қалған “мұраларды” ел басшылығы біртіндеп жоюда.