Ауғанстанда британиялық сарбаз оққа ұшты

Ауғанстанның оңтүстігінде бір ағылшын сарбазы қаза тапты. Британия Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, әлгі сарбаз дүйсенбі күні Хелманд өлкесінің Герешк ауданында оққа ұшқан. Өткен аптада Хелмандта Британияның 4 жауынгері опат болған-ды. Ресми мәліметтерге қарағанда, 2001 жылдан бері Ауғанстанда қаза тапқан ағылшын сарбаздарының саны 133-ке жеткен. Британия премьер-министрі Гордон Браун дүйсенбіде парламентте сөйлеген сөзінде Ауғанстандағы Британия сарбаздарының санын өсіретіндігін мақұлдағанын айтты.