Райс: Араб елдері Иран ядролық бағдарламасына алаңдаулы

АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райстың айтуынша, Араб мемлекеттері Теһранмен келіссөз жүргізіп келе жатқан 6 мемлекет өкілдерімен тұрақты түрде кездескісі келеді. Бұл жөнінде Райс ханым сейсенбіде, БҰҰ-да АҚШ, Ресей, Қытай, Британия, Франция, Германия дипломаттарымен кездесуден кейін журналистерге айтты. Басқосуға бірнеше Араб мемлекеттері өкілдері қатысқан болатын.