Қостанайда үш адам уланып қайтыс болды

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Белоглинка ауылында үш адам көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды.
Бұл туралы хабарлаған ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратынша, үш адамның қазасына себеп көмір жағатын пештің ақауы болған. Уланып қайтыс болғандар 37, 56 және 66 жастағы азаматтар екен.