Гуантанамо түрмесі жабылады

Пентагон өкілінің айтуынша, АҚШ қорғаныс хатшысы Роберт Гейтс Құрама Штаттардың Гуантанамодағы түрмесін жабуға арналған жоспардың әзірленуіне бұйрық берді. Қаңтардың 20-да президенттік қызметіне кірісетін Барак Обама ол түрмені жабу өз әкімшілігінің басты мақсаттарының бірі екенін айтты. Гейтс аталған жоспардың Обама қызметіне кірісісімен әзір болуын қалайды, деді Пентагон өкілі.