АҚШ үкіметі аутозауыттарға несие береді

Атап айтқанда тығырыққа тірелген ауто шығарушы зауыттарға 17 миллиард 400 миллион доллар көмек берілмекші. Бұл жөнінде Ақ үй бүгін мәлімдеді. Ол өнеркәсіптер қаржыны тиімді жұмсай алатындарын келер жылдың 31 наурызына дейін дәлелдей алмаса, онда олар қаржыны мемлекет қазынасына қайта төгуі тиіс болады. Бұл қаржы АҚШ үкіметі тарапынан бұрын жарияланған 700 миллиард доллар көмек қорынан алынады.