Сауд Арабиясындағы сот 8 жасар қызды күйеуімен ажырастырмады

Сауд Арабиясындағы сот 58 жастағы кісіге тұрмысқа берілген 8 жасар қызды күйеуімен ажырастырмады. Сот қыздың анасы берген арыз-өтінішін қанағаттандырудан бас тартты. Сот төрағасының айтуынша, қыздың өзі кәмелетке толған соң ажырасу жөнінде арыз тапсырса ғана, оны сот қарайтын болады. Адвокат Абдулла Жтилидің атап көрсетуінше, 8 жасар қыз тұрмысқа берілгенін қазір түсінбейді. Қыздың туыстарының хабарлауынша, әкесі неке жөнінде келісім жасаған кезінде күйеу баласына тұрмыстың басталуын 10 жыл күтуің керек деген шарт қойыпты.