Грузия мен АҚШ стратегиялық келісім жасамақшы

Грузия АҚШ-пен стратегиялық әріптестік жөніндегі келісіміне қаңтардың басында қол қоятынын хабарлады. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хатуна Иосаваның мәлімдеуінше, қаңтардың 4-де Вашингтонда Грузия сыртқы істер министрі Григол Вашадзе мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс аталған келісімге қол қоятын болады. Мәскеу Вашингтонды тамыз айындағы соғыста Тбилисиді қорғады деп айыптаған болатын.