Өзбекстан Тәжікстанға беретін газын екі есеге қысқартты

Оның себебін ресми Душанбенің 10 миллион доллар қарызын өтемеуімен түсіндіруде. Газдың 95 пайызын Өзбекстаннан алатын Тәжікгаздың айтуынша, олар қазір Өзбекстаннан 2 миллион текше метр газдың орнына бар болғаны бір миллион текше метр газ алып отыр. Газдың бір текше метрінің қазіргі бағасы-145 доллар. Ресми Ташкент оны 300 долларға көтеретінін айтуда.