Пәкістан бірнеше мыңдаған әскерін Үндістанмен шекарасына апаруда

Бұл жөнінде Пәкістан ресмилері мәлімдеді. Мұның өзі ресми Исламабад пен ресми Нью-Дели қарым-қатынастарының ширығуының салдарынан болып отыр. Тараптар байланысы Мумбай оқиғасынан кейін әлсірей түсті. Себебі Үндістан бұл оқиға үшін Пәкістан қарулыларын айыптауда. Исламабадтың айтуынша, мұндай айыптауға Үндістанның дәлелі жоқ.