Пәкістан өз әскерін Үндістанмен шекараға шоғырландыруда

Үндістан болса өз азаматтарына Пәкістанға сапар шекпеуге кеңес беруде. Себебі өткен аптада Пәкістанның Лахор және Мултан қалаларында болған бомбалық жарылыстарға орай Пәкістан тарапы бірнеше үнді азаматтарын тұтқындаған болатын. Тараптар қарым-қатынасы Мумбай оқиғасынан кейін ушығып кеткен еді. Ресми Нью Дели ол үшін пәкістандық қарулыларды айыптауда.