Израилдің Газа аймағына шабуылы кезінде 155-тей адам қаза болды

Франция мен Ресей бүгін Газа аймағына шабуылын тоқтатуға Израилді шақырды. Израиль әскерилері Газа аймағына шабуыл бастағандарын растады. Бүгін, желтоқсанның 27-де орын алған бұл шабуыл Газа аймағындағы Хамас тобы құрылымдарын нысанаға алуда. Соғыс ұшақтары бірдей уақытта, кем дегенде 30-дай түрлі нысанаға шабуылдарын бастаған болатын. Палестина ресмилерінің айтуынша, оның кесірінен кем дегенде 155 шақты палестиналық қаза болып, 200-дейі жараланған. Бұл әуе шабуылдары үкімет басшысы Ехуд Олмерттің қауіпсіздік кабинеті палестиналық зымырандық шабуылдарға қарсы кең тұрғыда жауап беру керек деп шешім қабылдағаннан кейін жүзеге асырылып отыр.
Бұған жауап ретіндегі Хамастың 24-тей зымырандық шабуылдарынан бір адам қаза болып, алтауы жараланған.