ЕуроОдақ Газадағы ахуалға алаңдайды

Сейсенбі күні Еуропа Одағына мүше 27 елдің сыртқы істер министрлері Париждегі төтенше мәжілісінде Газа аймағындағы ахуалды талқылады.
Францияның сыртқы істер министрлігі мәлімдегендей, төтенше мәжіліс ЕуроОдақтың және БҰҰ-ның араша түсуімен жанжалды үйлестірудің жолдарын қарастырып көреді. Хабарға қарағанда, Газадағы Палестана халқына қайырымдылық көмегін жеткізу мәселесі де сөз болады.