“Бостандық аралы” 50 жылдығын тойлауда

“Бостандық аралы” деп аталып кеткен Куба коммунистік төңкерістің 50 жылдығын тойлауда. Куба президенті Рауль Кастро халықты ағасы Фидель Кастроның осыдан тура 50 жыл бұрын – 1959 жылы Батистаның саяси режимін құлатқанын жариялаған Сантьяго-де-Куба қаласының орталығындағы балконға шығып құттықтады.
Өз сөзінде Рауль Кубаның әлі 50 жыл жасайтынын мәлімдеп, Куба халқын төңкерістің жетістіктерін көрші АҚШ-тан төнген қатерден қорғауға шақырды.
Руаль Кастро өзінің 82 жастағы ағасы Фидель ауыр сырқаттанып қалған соң, Куба басшылығын өз қолына алды.