Терроризмді жою үшін үнді үкіметі ештеңеден аянбайды

Сенбі күні Үндістан премьер-министрі Манмохан Синх Пәкістан “үлгі-өнеге көрсетіп”, қараша айында Мумбай қаласына жасалған террорлық шабуылға жауапты “қылмыскерлерді” ұстап береді деп үміттенгенін мәлімдеді.
Мумбайдағы қастандықтың салдарынан 170-тен астам адам, оның ішінде 9 қарақшы қаза болды.
М.Синх Үндістандағы терроризмді тамырымен жою үшін өз үкіметінің ештеңеден де аянбайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар үнді премьері Үндістанның жауларын жою үшін Бангладештің жаңа үкіметін ынтымақтасуға шақырды.