Пәкістан президентінің Кабулға сапары жалғасуда

Ауғанстан мен Пәкістан президенттері келіссөздерін сәрсенбі күні одан әрі жалғастырады. Сейсенбіде олар екі ел арасындағы шекарада лаңкестік пен экстремизмге қарсы күресуге уәде етті. Пәкістан президенті Асиф Али Зардари Кабулға алғашқы рет ресми сапармен келіп отыр.