Атырауда ұрлықпен айналысқан үш жас жігіт ұсталды

Облыстық полиция қызметкерлері Құлсары қаласындағы орталық базардың ұялы телефон сататын дүңгіршегіне ұрлыққа түскен 20, 22 және 25 жастағы үш жас жігітті қолға түсірді, — деп хабарлады ҚазТАГ.
Күдіктілер дүңгіршекті бұзып 26 ұялы телефонды ұрлап әкеткен, сондай-ақ олар бір әйелдің ақша салынған сөмкесін тартып алған. Қолға түскендер қазір аудандық ішкі істер бөлімінде қамауда отыр, — деді облыстық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.