Солана Түркияда Газа мәселесін талқылауда

Еуропа Одағының сыртқы саясат бойынша басшысы Хавиер Солана Таяу Шығыстағы жағдайды талқылау үшін Түркияда жүр. Түркия сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Солана президент Абдулла Гүлмен және премьер-министр Режеп Тайып Ердоғанмен кездеседі. Оның алдында Газадағы атысты тоқтату мақсатында Хавиер Солана Мысыр мен Израилге барған болатын.