Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиевтің әкімшілігінің басшысы қызметінен кетті. Азат Еуропа / Азаттық радиосы қырғыз қызметіне берген сұхбатында Медет Садырқұлов жұмыстан шаршағанын айтып, жастарға жол беретінін мәлімдеді. Бейсенбі күні президент Бәкиев Садырқұловты мадақтап, қысқаша демалыстан кейін бұл қызметке жаңа адамды тағайындайтынын хабарлады.