Пәкістанда 40 шақты кедей өртте қаза тапты

Бейсенбі күні күн батқанда Пәкістанның Карачи қаласының шетінде болған өрттен 40 шақты адам қаза болып, тағы ондаған адам жараланып, отқа күйді. Қаза тапқандардың ішінде әйелдер мен балалар көп.
Жарлы-жақыбайлар тұратын аудандағы ондаған үй мен жеркепені от жаалыны жалмады. 200-дей адам баспанасыз қалды.
Өрт сөндірушілердің түсіндіруінше, жақыбайлардың жеркепелері өзге де құрылыстармен тығыз қоршалып, өрттен қашып құтылу қиын болып, содан құрбандар көп болды.