Жаңа жылда Ауғанстанда АҚШ-тың 2 жауынгері көз жұмды

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар өлкесіндегі террорлық қастандықтың салдарынан 2 АҚШ жауынгері мен жергілікті 3 тұрғын көз жұмды, тағы бірнеше адам жараланды. Бірнеше дүкенге нұқсан келтірілді.
Хабарға қарағанда, қастандықты жанпидашыл-экстремист жүзеге асырды. Оны Талибан қозғалысы өз мойнына алып отыр.
2008 жылы Ауғанстанда 150-ден астам АҚШ жауынгері мерт болды.