Алжирде Израилге қарсы шеруде 63 адам жараланды

Алжирде Израилдің Газадағы шабуылына қарсылық танытқан шерушілер мен полиция арасында қақтығыс болып, 63 адам жарақат алды. Алжир үкіметінің айтуынша, жұма күні Израилдің Газадағы соққысына наразылық білдірген мыңдаған адамның шеруінде 23 полиция мен 40 шақты кісі жараланды. Қауіпсіздік күштері дүкендерді тонап, көліктерді қиратып, терезелерді шаққан тәртіпсіздікке жауапты адамдарды қамауға алған.