Өскемендегі өрт үш адамның өмірін қиды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскемендегі «Энергетик» деп аталатын бақша шаруашылығының №22 учаскесінде 30 шаршы метр жерді шарпыған өрт болған.
Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 12 адамы мен 3 техникасының араласуымен сөндірілген өрттен кейін үш ер адамның мәйіті табылған.