Қоғамдық ұйым басшысы алаяқ деп айыпталуда

ҚР экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы облыстық қаржы полициясы қоғамдық ұйымның бұрынғы президентіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабы, 3-бөлімінің «б» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғаған.
«Жеке адамдардың сеніміне кіру арқылы жер алып беремін деген желеумен 35 млн теңге ақша жинап алған ол тұрғындарға материалдық шығын келтіріп, уәдесін орындамаған», — делінген баспасөз мәліметінде.